Expresso логотипі
ӨнімШешімдерЛицензияСеріктестергеБайланыс
Кіру
🇺🇸 EN
🇷🇺 RU
🇰🇿 KZ
🇰🇿 KZ
🇺🇸 EN
🇷🇺 RU
🇰🇿 KZ
Кіру

ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ САЯСАТЫ

«CODESMITH» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ (бұдан әрі – CODESMITH)

1. Жалпы ережелер.

1.1. «CodeSmith» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Құпиялылық және дербес деректерді өңдеу саясаты (бұдан әрі – Саясат) Пайдаланушы https://expresso.one мекенжайындағы CodeSmith Сайтында тіркелу кезінде, «Expresso Business Suite» бағдарламалық қамтамасыз етуін пайдалана отырып Пайдаланушының серіктестері мен клиенттеріне сауалнама және анкеталық сұрау жүргізу қызметіне тапсырыс беру кезінде (бұдан әрі – Қызметтер) немесе Сайтты өзге де кез келген түрде пайдалану кезінде сұрау бойынша ұсынатын дербес деректерді жария етпеу және олардың құпиялылығын қорғау режимін қамтамасыз ету жөніндегі CodeSmith міндеттемелерін белгілейді. CodeSmith осы Саясатқа біржақты тәртіппен өзгерістер немесе толықтырулар енгізуге құқылы, бұл ретте өзгерістер немесе толықтырулар не Саясаттың жаңа редакциясы https://expresso.one мекенжайындағы CodeSmith Сайтында (бұдан әрі – Сайт) жарияланады.

1.2. Осы Саясат шеңберінде өңдеуге рұқсат етілген дербес деректерді Пайдаланушы Сайтта тіркелу арқылы ұсынады және олар мынадай ақпаратты қамтиды:

1.2.1. Пайдаланушының тегі, аты, әкесінің аты;

1.2.2. Пайдаланушының байланыс телефондары;

1.2.3. электрондық пошта мекенжайы (e-mail);

1.2.4. картаның бүркемеленген деректері;

1.2.5. есептік жазбаның құпиясөзі.

1.3. CodeSmith дербес емес деректерді қорғайды:

  • IP мекенжайы;
  • API кілттері;
  • cookies файлдарындағы ақпарат;
  • Пайдаланушының серіктестері және/немесе клиенттерінің электрондық поштасы (email) туралы ақпарат;
  • браузер (немесе жарнаманы көрсетуге қол жеткізетін өзге бағдарлама) туралы ақпарат;
  • кіру уақыты;
  • реферер (алдыңғы беттің мекенжайы).

1.4. Cookies файлдарын өшіру Сайттың авторизацияны талап ететін бөліктеріне, соның ішінде Сайтта өтінім ресімдеуге қол жеткізуді мүмкін етпеуі мүмкін.

1.5. CodeSmith өз Пайдаланушыларының IP мекенжайлары туралы статистика жинайды. Бұл ақпарат техникалық ақауларды анықтау және шешу мақсатында пайдаланылады.

1.6. Жоғарыда көрсетілмеген өзге кез келген дербес ақпарат (қызметтерді алу тарихы, пайдаланылатын браузерлер мен операциялық жүйелер және т.б.) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, сенімді сақталуға және таратылмауға тиіс.

1.7. CodeSmith Сайт арқылы қашықтан көрсетілетін қызметтер барысында автоматты түрде берілетін деректерді қорғайды.

1.8. Пайдаланушының Сайтты пайдалануы оның осы Саясатпен және Пайдаланушының дербес деректерін өңдеу шарттарымен келісетінін білдіреді.

1.9. Саясат шарттарымен келіспеген жағдайда Пайдаланушы Сайтты пайдалануды тоқтатуға міндетті.

1.10. Осы Саясат тек Сайтқа қолданылады. CodeSmith Пайдаланушы Сайттағы сілтемелер арқылы өте алатын үшінші тұлғалардың сайттарын бақыламайды және олар үшін жауап бермейді.

2. Пайдаланушының дербес ақпаратын жинау мақсаттары

2.1. CodeSmith Пайдаланушының дербес деректерін мынадай мақсаттарда пайдалана алады:

2.1.1. өз Қызметтерін көрсету кезінде Сайтта тіркелген Пайдаланушыны сәйкестендіру;

2.1.2. Пайдаланушыға дербестендірілген ресурстарға қол жеткізуді ұсыну;

2.1.3. Пайдаланушымен кері байланыс орнату, соның ішінде Сайт арқылы хабарламалар, сұраулар, операциялар жіберу, қызметтер көрсету, Пайдаланушыдан түскен сұраулар мен өтінімдерді/өтініштерді өңдеу;

2.1.4. CodeSmith Қызметтерін алу үшін есептік жазба құру. Бұл ретте Пайдаланушы Сайтта жеке кабинет құра отырып, есептік жазба құруға келісім береді;

2.1.5. Пайдаланушыны CodeSmith Қызметтерін ресімдеу жай-күйі туралы хабардар ету;

2.1.6. Пайдаланушыны көрсетілетін CodeSmith Қызметтеріне сәйкес хабардар ету;

2.1.7. CodeSmith Қызметтерін өңдеу және алу;

2.1.8. CodeSmith Қызметтерін көрсету;

2.1.9. Сайтты пайдалануға байланысты проблемалар туындаған кезде Пайдаланушыға тиімді клиенттік және техникалық қолдау көрсету;

2.1.10. Қызметтердің сапасын және оларды пайдаланудың ыңғайлылығын арттыру, жаңа сервистер мен қызметтерді әзірлеу;

2.1.11. Пайдаланушыны CodeSmith атынан немесе CodeSmith серіктестерінің атынан ассортименттің жаңаруы, арнайы ұсыныстар, бағалар, өткізілетін іс-шаралар, акциялар туралы ақпарат және өзге де мәліметтер туралы хабардар ету;

2.1.12. дербес емес деректер негізінде статистикалық және өзге де зерттеулер жүргізу, сондай-ақ жарнамалық хабарламаларды оңтайландыру;

2.1.13. қауіпсіздікті қамтамасыз ету және алаяқтықтың алдын алу үшін Пайдаланушының орналасқан жерін анықтау;

2.1.14. Пайдаланушы ұсынған дербес деректердің дұрыстығы мен толықтығын растау;

2.1.15. Пайдаланушының дербес деректерін өңдеу мерзімін шектеусіз, кез келген заңды тәсілмен, соның ішінде дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе оларды пайдаланбай жүзеге асырылады;

2.2. Пайдаланушы CodeSmith-тің дербес деректерді үшінші тұлғаларға, атап айтқанда курьерлік қызметтерге, пошта байланысы ұйымдарына тек Пайдаланушыға Қызметтер көрсету мақсатында беруге құқылы екенімен келіседі;

2.3. Пайдаланушының дербес деректері Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарына тек Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен берілуі мүмкін.

2.4. Дербес деректер жоғалған немесе жария болған кезде CodeSmith Пайдаланушыны дербес деректердің жоғалғаны немесе жария болғаны туралы хабардар етеді.

2.5. CodeSmith Пайдаланушының дербес ақпаратын заңсыз немесе кездейсоқ қол жеткізуден, жоюдан, өзгертуден, бұғаттаудан, көшіруден, таратудан, сондай-ақ үшінші тұлғалардың өзге де заңсыз әрекеттерінен қорғау үшін қажетті ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдайды.

2.6. CodeSmith Пайдаланушымен бірлесіп, Пайдаланушының дербес деректерінің жоғалуынан немесе жария болуынан туындаған залалдардың немесе өзге де жағымсыз салдарлардың алдын алу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайды.

3. Тараптардың міндеттемелері

3.1. Пайдаланушының міндеттері:

3.1.1. Сайтты пайдалану үшін қажетті дербес деректер туралы ақпаратты ұсыну;

3.1.2. ұсынылған дербес деректер туралы ақпарат өзгерген жағдайда оны жаңарту, толықтыру.

3.1.3. Пайдаланушының серіктестері және/немесе клиенттерінен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың дербес деректерін сақтауға және өңдеуге алдын ала келісім алу.

3.1.4. Пайдаланушының серіктестері және/немесе клиенттерінің мынадай деректерін Сайтта сақтауға тыйым салу туралы CodeSmith талабын сақтау:

1) банктік төлем карталарының нөмірлері;

2) банктік шоттардың нөмірлері;

3) электрондық ақша және/немесе криптовалюта әмияндарының сәйкестендіргіштері;

4) банктік, қаржылық, криптовалюталық, төлем жүйелеріндегі есептік жазбалар (логин және құпиясөздер);

5) Қазақстан Республикасының заңнамасын, соның ішінде ҚР 11.12.23 ж. № 44-VIII «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңын бұзатын үшінші тұлғалардың өзге де деректері.

3.2. CodeSmith-тің міндеттері:

3.2.1. алынған ақпаратты тек осы Саясаттың 2-бөлімінде «Пайдаланушының дербес ақпаратын жинау мақсаттары» көрсетілген мақсаттар үшін пайдалану.

3.2.2. құпия ақпараттың құпия сақталуын қамтамасыз ету, оны Пайдаланушының алдын ала жазбаша келісімінсіз жария етпеу, сондай-ақ Пайдаланушының берілген дербес деректерін сатуды, айырбастауды, жариялауды немесе өзге де ықтимал тәсілдермен жария етуді жүзеге асырмау;

3.2.3. қолданыстағы іскерлік айналымда мұндай ақпаратты қорғау үшін әдетте қолданылатын тәртіпке сәйкес Пайдаланушының дербес деректерінің құпиялылығын қорғау үшін сақтық шараларын қабылдау;

3.2.4. дұрыс емес дербес деректер немесе заңсыз әрекеттер анықталған жағдайда, тиісті Пайдаланушыға қатысты дербес деректерді Пайдаланушы немесе оның заңды өкілі не дербес деректер субъектілерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті орган жүгінген немесе сұрау салған сәттен бастап тексеру кезеңіне бұғаттау;

3.3. Жоғарыда көрсетілмеген өзге кез келген дербес ақпарат сенімді сақталуға және таратылмауға тиіс.

4. Дауларды шешу

4.1. Пайдаланушы мен CodeSmith арасындағы қатынастардан туындайтын даулар бойынша сотқа талап арызбен жүгінгенге дейін претензия (дауды ерікті түрде реттеу туралы жазбаша ұсыныс) ұсыну міндетті.

4.2. Осы Саясаттың шарттарын бұзуға қатысты Пайдаланушының претензиясы болған жағдайда Пайдаланушы қарау үшін Сайт арқылы немесе CodeSmith-тің электрондық/пошталық мекенжайына жазбаша претензия береді.

4.3. CodeSmith Пайдаланушыны претензияны қарау нәтижелері туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген мерзімдерде жазбаша хабардар етеді.

4.4. Тараптар келісімге қол жеткізбеген жағдайда дау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот органының қарауына беріледі.

4.5. Осы Саясатқа және Пайдаланушы мен CodeSmith арасындағы қатынастарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы қолданылады.

Платформа туралы
ӨнімЛицензияБайланыс
Экожүйе
ШешімдерСеріктестергеҚұжаттама
Әлеуметтік желілер
© 2026 Expresso. Барлық құқықтар қорғалған.
Құпиялылық саясатыПайдаланушы келісімі